Сара Алпысқызы Алматы қаласындағы «Орталық клиникалық ауруханада» ем қабылдауын аяқтап, қазіргі уақытта амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Президенттің Іс басқармасы медициналық орталығының Ұлттық госпиталі баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқас Ұлттық госпитальде емделіп, биыл қаңтар айында амбулаториялық емге жіберілген.
«Науқастың денсаулық жағдайы, диагнозы, емдеу тәсілдері мен оның нәтижелері туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодексінің 273-бабына сәйкес дәрігерлік құпия болып саналады және жарияланбайды», – делінген ресми ақпаратта.
Еске сала кетейік, мамыр айының басында Сара Алпысқызының ауыр дертке шалдыққаны туралы ақпарат тараған еді. Кейін оның қайтыс болғаны жөнінде қауесеттер де пайда болды. Бірақ бұл мәліметті Қазақстанның тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай ресми түрде жоққа шығарды.