Жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды.
«Жарылғыш зат бар!»: Ақтаудағы сауда орталығында жалған хабар таратқан жасөспірім ұсталды
1,181
оқылды

2025 жылдың 25 қазанында  1414  Telegram арнасына Ақтаудағы үлкен сауда ойын-сауық орталығында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскені, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сонымен қатар хабарламада 78 миллион теңге талап етілген.

Жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Күдікті кәмелетке толмаған жасөспірім. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, тергеу амалдары жалғасып жатыр.