ТЖМ дер кезінде көмекке барды
Балқашта шатырға шыққан азамат есінен танып қалды
ТЖМ
499
оқылды

Бүгін «112» пультіне Балқаш қаласы Бейбітшілік көшесінде 1988 жылы туған ер адамның дүкеннің шатырында тұрған кезде кенеттен денсаулығы нашарлап, өздігінен түсіп кете алмай қалғаны туралы хабар түсті.

ТЖМ құтқарушылары жедел түрде оқиға орнына келіп, құтқару арқанын пайдаланып, оны бір қабатты кафе шатырынан абайлап түсірді.

Зардап шеккен азамат әрі қарай ауруханаға жеткізу үшін жедел жәрдем тобына тапсырылды.