Арманы орындалғанын айтты.
"Келінжан" телехикаясының продюсері қуанышты жаңалығын жеткізді
487
оқылды

«Келінжан» телехикаясының продюсері Гүлнұр Мамасарипова кітап жазып жатқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Продюсер оқырманға кітап жазудағы мақсатын түсіндірді.

«Достар, мен кітап жазам дегелі ширек ғасыр… Өмір өте, тұрмыс жұта береді екен. Оның үстіне менің қаламым көркем шығарма емес кино сценарий жазып кетті. Бірақ кітап деген бөлек дүние. Арқам ұстағанда оны айтуға актер емес өзім ғана қауқарлы екенімді білетінмін. Былтыр елуге келгенде “кітап жазамын” деп өзіме сөз бергенмін, сол сөзімде тұрдым. Ең қиыны өзіңе берген уәдеңде тұру! Мен осы қамалды алдым. Кітап дайын, енді басып шығару ғана қалды, ол да біраз уақыт алады. Жаңа жылға дейін жарыққа шығарамын деп ниеттеніп отырмын. Бұл кітап бестеллер болсын, оқырманы көп болсын деп тілеймін. Кітап оқисыздар ма? Жаза кетіңіздер. Бұл мен үшін бизнес жоба емес, осыны да біле жүріңіздер. Зумерлердің де талғамын назарда ұстадық», — деп жазды продюсер.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.