Бүгінгі күнге ауа райы болжамы.
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Фото: iStock
218
оқылды

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыста, оңтүстікте, солтүстікте және орталық өңірлерде нөсер жаңбыр күтіледі.

Солтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Астанада ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, кей уақытта екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +24...+26°C.

Алматыда ауа райы құбылмалы болады. Негізінен жауын-шашынсыз, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +32...+34°C.

Шымкентте құбылмалы ауа райы күтіледі. Түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +32...+34°C.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер сақталады:

22-24 маусымда күндіз Ұлытау, Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында 30-38 градус қатты ыстық күтіледі, 22 маусымда Ұлытау облысының оңтүстігінде, 22-23 маусымда Қарағанды, Павлодар облыстырының оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

22-24 маусымда күндіз Абай облысында 30-38 градус қатты ыстық сақталады.

22-30 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысында 30-38 градус қатты ыстық сақталады.

22-30 маусымда күндіз Алматы, Жетісу облыстарында  30-38 градус қатты ыстық сақталады, 23-24 маусымда Алматы облысының солтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Қатты және өте қатты ыстықтың болжануына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

24-25 маусымда күндіз Алматы облысының солтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 24 маусымда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 24 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 24 маусымда түнде және таңертең өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

24 маусымда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде,  оңтүстігінде 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

24 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

24 маусымда күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шанды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

24 маусымда түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

24 маусымда күндіз Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт каупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

24 маусымда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, түнде кей уақыттарда екпіні 23 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

24 маусымда күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс батысқа алсады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 24 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс батысқа алсады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

24 маусымда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

24 маусымда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

24 маусымда Қызылорда облысының солтүстігінде жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

24 маусымда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

24 маусымда түнде Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл, күндіз облыстың шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

24 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

24 маусымда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

24 маусымда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде  жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

24 маусымда күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

24 маусымда түнде Қостанай облысының батысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.