Ақтөбе облысында қуанышты ақпарат тарады.
Шалқар қаласында үшем дүниеге келді
865
оқылды

Шалқар қаласының тұрғындары, 27 жастағы Аслан Лайықов пен Ләззат Жоламанованың отбасында үшем өмірге келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сәбилерге ерекше есімдер қойылды: Әдемі, Сұлу және Әміре.

Нәрестелер жүктіліктің 31-ші аптасында дүниеге келген. Шақалақтардың салмағы – 1600, 1670 және 1490 грамм, бойының ұзындығы бәрінде – бірдей 35 сантиметр. Балалар бірнеше минут айырмашылықпен өмір есігін ашқан.

Жас отбасының бұған дейін де балалары бар: 5 жастағы ұлы мен 3 жастағы қызы. Үшем дүниеге келгеннен кейін сәбилер бір айдан астам уақыт бойы облыстық перинаталдық орталық дәрігерлерінің жіті бақылауында болған.

"Шақалақтар 1 айдан аса облыстық перинаталдық орталығы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, тұрақты ем қабылдаған. Қазіргі таңда сәбилердің және анасының жағдайы жақсы", – деп хабарлады облыстық әкімдік.

 

Дәрігерлердің айтуынша, үшемнің жағдайы тұрақты, олар қажетті салмақ жинап, қалыпты дамып келеді. Отбасы үшін бұл – ерекше қуаныш әрі үлкен жауапкершілік.