Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ұлттық болмысты сақтау мен оны күнделікті өмірде қолдану қоғамның рухани жаңғыруындағы маңызды бағыттардың бірі екенін ерекше атап өткен болатын.
Ұлттық киім мәдениеті қалыптасып келеді
845
оқылды

Президент «ұлттық киімді тек мерекелік шараларда ғана емес, күнделікті өмірде де киіп жүру дәстүрін қалыптастыру қажет» деген бастама көтерген еді. Осы үндеуге үн қосқан Түркістан облысының білім беру ұйымдары бүгінде оқушылар арасында ұлттық киім кию мәдениетін жаңғыртып, жаңа үлгіде жүзеге асырып отыр.

Түркістан қаласындағы «Келешек мек­тептері» бағдарламасы аясында бой көтерген №32 жалпы орта мектеп бұл ба­ғыттағы жаңашыл бастамалардың ал­дыңғы қатарында. Заманауи үлгіде са­лынған, 2 100 оқушыға арналған білім ор­дасында бүгінде 172 мұғалім еңбек етеді. Мектеп ұжымы ұлттық құн­ды­лық­тарды дәріптеу ісіне ерекше ықы­лас­пен кірісіп, ұлттық киім мәдениетін оқу процесіне сәтті енгізді. Бұл туралы мектеп директоры Айгүл Абайқызы бұл бастаманың тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. «Біз балаларымыздың бойына ұлттық сана мен рухты сіңіргіміз келеді. Сол себепті заманауи мектеп бол­ға­ны­мен, киім үлгісіне қазақы нақыш ен­гізу­ді жөн көрдік. Ата-аналар да бұл бас­­­таманы қуана қабылдады. Басты мақ­сат – ұлттық құндылықты киім ар­қы­лы бала жүрегіне жеткізу. Ең қызығы, оқу­шыларымыз үзілісте асық, тоғыз­құ­малақ сияқты ұлттық ойындарды ой­нап, қазақтың тұрмыс-салтын өзара тал­қылай бастады. Осылайша, киім үл­гісі тек сыртқы сән емес, баланың дү­­­ниетанымына әсер ететін рухани құрал­ға айналып отыр», – дейді мектеп бас­шысы.

Бүгінде  №32 мектеп оқушыларына ар­налған киім үлгісі ұлттық нақышта әзір­леніп, қыздарға жеңіл камзол мен бел­демше, ұлдарға оюлы шапанша мен ақ көйлек түрінде ұсынылған. Киім­дер­дің дизайны ұлттық өрнек пен заманауи тал­ғамды ұштастырады. Бұл жобаға жер­гілікті тігін шеберханалары да атса­лы­сып, отандық өндіріс қолдау тапты. Бі­лім ордасы тек киім үлгісін енгізіп қа­на қоймай, оқу бағдарламасына да ұлт­тық рухтағы мазмұнды іс-шаралар ен­гізген. Әр жұма сайын «Ұлттық құн­ды­­­лықтар күні» өткізіліп, ұстаздар мен оқу­шылар ұлттық киіммен сабаққа қа­тысады. Бұл дәстүр «Біртұтас тәрбие» бағ­дарламасы аясында жүзеге асып, мек­теп мәдениетінің ажырамас бөлігіне ай­налды. Мұғалімдер қауымы бұл тәжі­ри­бенің оқушылардың өзін-өзі ұстау мә­дениетіне, мектептегі рухани ахуалға оң ықпал еткенін атап өтеді. Балалар өз киі­мін мақтан тұтады, ұлт тарихы мен дәс­түрі туралы көбірек білуге ұмтылады.

Айта кетейік, Түркістан қала­сын­да­ғы басқа да білім ордалары бұл бас­та­ма­ны қолдап отыр. Мәселен, №24 Мұс­тафа Шоқай атындағы мектеп пен №23 жалпы білім беретін мектеп оқу­шы­лары да былтырдан бері сабаққа ұлт­тық нақыштағы киіммен қатысуды дәс­түрге айналдырған. Аталған мек­теп­терде әр айдың соңында «Ұлттық бол­мыс апталығы» ұйымдастырылып, оқу­шылар арасында ұлттық киім тари­хына, ою-өрнектердің мағынасына ар­­­­налған танымдық сабақтар өтеді. Мұн­дай жұмыстың барлығы мектептің тек білім беруші емес, рухани құн­ды­лық­тарды сақтаушы орта екенін ай­ғақ­тайды. Ұстаздар мен ата-аналардың пі­­кі­рінше, бұл бастама балалардың бойында ұлтқа деген құрметті арт­ты­рып, туған жер мен елге деген сүйіс­пен­шілікті күшейтеді.

Жалпы, Түркістан облысы қазақ хал­қының тарихи-рухани орталығы, мә­дени астанасы. Сондықтан мұндағы әр­бір бастама ұлттық сана мен дәстүр са­бақтастығын жаңғыртумен тығыз бай­ланысты. Білім басқармасы ма­ман­дарының айтуынша, облыстағы барлық мек­тепте алдағы уақытта ұлттық киім мә­дениетін насихаттауға бағытталған іс-шаралар жоспары жасақталуда. Мұн­дай үлгі тек киім киюмен шектелмей, ұлт­тық ойындар, халық әндері, ата-баба мұ­расы туралы сабақтар арқылы оқу­шының рухани тәрбиесін күшейтеді. 

Түркістан өңірінде бастау алған бұл бас­тама ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың ұлттық киім мәдениетін күн­делікті өмірге енгізу жөніндегі тап­сырмасының нақты орындалуының жар­қын үлгісі. Мектеп оқушыларының қа­зақы киім киіп сабаққа қатысуы – ұлт­тың рухани жаңғыруының айқын кө­рінісі, ұлттық тәрбиенің жандан­ға­ны­ның белгісі. Осындай игі қадамдар ар­қы­лы еліміздің ертеңі жас ұрпақ өз та­мырына жақындай түсіп, ұлттық сана мен мәдениетке деген сүйіспеншілігін күн­делікті өмір салтына айналдырады.

Н.ҚАЛМЫРЗАТЕГІ,

Түркістан облысы