ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері штатив пен арқан-жүйені қолдана отырып төменге түсті, зардап шегушіні зембілге бекітіп, жоғарыға көтеріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Талдықорғанда су құбырын жөндеп жатқан ер адам тереңдігі 14 метр құдыққа құлап кетті
3,645
оқылды

Талдықорған қаласында су құбырын жөндеп жүрген 1991 жылы туған ер адам тереңдіктегі шамамен 14 метр болатын құдыққа құлап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері штатив пен арқан-жүйені қолдана отырып төменге түсті, зардап шегушіні зембілге бекітіп, жоғарыға көтеріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

«ТЖМ еске салады құдыққа, шұңқырға сақтандырусыз түспеңіз», – делінген ведомство хабарламасында.