Тексеру нәтижесінде оның денсаулығында ешқандай ақау жоқ екені және күтімді қажет етпейтіні анықталды.
39 жастағы жігіт жеті ай бойы өзін мүгедек ретінде таныстырып, адамдардан ақша сұраған
3,329
оқылды

Семей қаласында 39 жастағы Тараздың тумасы жеті ай бойы өзін инсульт алған мүгедек ретінде таныстырып, көшедегі жүргіншілерден ақша сұрап жүрген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тексеріс нәтижесінде оның денсаулығында ешқандай ақау жоқ екені және күтімді қажет етпейтіні анықталды.

Ер адам өз әрекеті үшін кешірім сұрап, мұндайға енді жол бермейтінін айтты. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.