Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, BMW маркалы көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
"Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші оқиға орнынан кетпей, полицияға көмектесіп жатыр", – делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.