Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - деп жазылған ресми хабарламада
Жамбыл облысындағы көпқабатты үйден өрт шықты
ТЖМ
3,943
оқылды

Бүгін Жамбыл облысы Қордай ауылындағы Жібек жолы көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер пәтердің бір бөлмесін от шарпығанын анықтады. Өрт кезінде үй иелері үйде болмаған.

Құтқарушылар балкон арқылы кіріп, жедел түрде өртті ауыздықтады. Тілсіз жау көрші пәтерлерге тарамай, дер кезінде сөндірілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз