Аудандық қызметтердің мәліметінше, түйенің иесі әзірге анықталған жоқ.
Құлсарыда түйе көшеде кетіп бара жатқан баланы таптап кетті
720
оқылды

Құлсары қаласында баланы таптап кеткен түйеге қатысты оқиға тұрғындардың наразылығын тудырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Құлсарылықтар жануарлардың көшеде қараусыз жүруі балалар мен ересектердің өміріне қауіп төндіретінін айтып шағымдануда.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада түйенің баланы қағып, таптап кеткені көрінеді. Осы сәтте жолдан өтіп бара жатқан көліктің жүргізушісі дабыл белгісін басып, жануарды үркітіп қуып жібереді.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, зардап шеккен бала – аутизм спектрінің бұзылысы бар және сөйлей алмайды.

Қазір ол аудандық орталық аурухананың травматология және ортопедия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Облыстық ауруханаға жіберуге көрсеткіштер болмаған. Дәрігерлер баланың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Аудандық қызметтердің мәліметінше, түйенің  иесі әзірге анықталған жоқ. 

Баян Жанұзақова, Атырау облысы