Республикамыздың батысында, солтүстік-батысында ғана солтүстік-батыс циклон әсерінен жауын-шашын болады.
Күн суытып, үсік жүреді: 23 қазанға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
986
оқылды

Қазгидромет бейсенбі, 23 қазандағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді.

Республикамыздың батысында, солтүстік-батысында ғана солтүстік-батыс циклон әсерінен жауын-шашын болады. Ел бойынша түнде және таңертең тұман түседі, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел екпін алады.

Қазақстанның бірқатар өңірінде – Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл өңірінің орталығында, солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, Алматы облысының батысында, Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.