Енді елімізде үш ай бойы жұмыс істемеген азаматтар есепке алынады.
Жұмыссыз жүргендер бақылауға алынбақ
1,634
оқылды

Бұл өзгеріс 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Әрі қарай деректер Міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыру жүйесіне беріледі.

Бұл шешім жеңілдігі бар азаматтарды нақты есепке алу және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қабылданған. Мәліметтер тек қазақстандықтар бойынша емес, шетел азаматтары, оның ішінде ЕАЭО елдерінен келген еңбек мигранттары мен олардың отбасы туралы да жинақталады. Тізімге жұмыссыз ретінде тіркелгендер, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін ата-аналар, І топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын азаматтар, зейнеткерлер мен ардагерлер кіреді.

Жұмыс істемейтін азаматтар туралы мәліметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Отбасының цифрлық картасы», «Еңбек нарығы», «Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер базасы» және «Төлемдерді өңдеу ұйымы» жүйелері арқылы жинайды.