Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Беларусь президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
фото: Akorda-дан алынды
421
оқылды

– Беларусь халқының бірлігін, ұлттық рухының мық­тылығын және елдің жасампаздық пен өркениет жолын­дағы батыл қадамын айшықтайтын бұл айтулы күннің символдық мәні ерекше. Қазақстандықтар бауырлас бе­ларусь халқына айрықша ықылас танытып, оның төл мә­дениеті мен бай дәстүріне зор құр­мет­пен қарайды, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Беларусь ара­сын­да достық пен стратегиялық серіктестік рухына сай же­міс­ті әрі өзара тиімді ынтымақтастық жолға қойыл­ғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконың жауап­ты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Беларусь хал­­қына бақ-береке тіледі.