20 қазаннан бастап Қазақстанда жеке пайдалану мақсатында көлікті сырттан әкелуге қатысты жаңа шектеулер күшіне енеді.
Шетелден көлік әкелуге тыйым салынады
2,195
оқылды

Бұл өзгерістер Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2025 жылғы 23 мамырдағы №45 шешіміне сәйкес болғалы отыр.

Енді көлік құралдарын  ЕЭК коллегиясының 2017 жылғы 30 маусымдағы №74 шешімімен бекі­тілген тізімге енгізілген түрлері бойынша ғана әке­луге рұқсат етіледі.

Оған мынадай санаттағы кө­ліктер жатады: жеңіл автокөліктер, ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 коды бойынша жіктелетіндер; квадроциклдер, қарда жүретін көліктер, жолсыз жерлерге арналған техника (жалпы қолданыстағы жолдарға арналмаған); мотоциклдер, мотороллерлер, мопедтер; 12 орынға дейінгі автобустар және жалпы салмағы 5 тоннаға дейінгі жүк көліктері.

Барлық әкелінетін көліктер «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке сай болуы керек. Егер «көлік құралының конструкциясының қауіпсіздігі туралы» куәлік болмаса, жеке тұлғалар кедендік рәсімдеуден өте алмайды. Утилизациялық алымды төлей алмай, көлігін тіркетуге мүмкіндік болмайды. Яғни, бекітілген тізімге кірмейтін кез келген автокөлікті елге әкелу мүмкін болмайды деген сөз.