Жаңа кесте бойынша алғашқы тәулікте – күндіз жұмыс, екінші тәулікте – түнгі жұмыс, үшінші тәулікте – демалыс. Ал жалақы 243 мың теңгеге төмендеген.
Талғарда жалақысы қысқарған балалар үйінің қызметкерлері наразылыққа шықты
894
оқылды

Талғар қаласындағы балалар үйінің қызметкерлері наразылыққа шықты. Олар жұмыс кестесінің өзгеріп, жалақының төмендеп кеткеніне шағымданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

"Аяла" Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының” қызметкерлерінің айтуынша, олар бес жылдан астам уақыт бойы бір тәулік жұмыс істеп, екі күн демалыс кестесімен 300 мың теңге жалақы алып келген. 

Алайда соңғы уақытта қызметкерлерге жаңа жұмыс кестесі белгіленген. Жаңа кесте бойынша алғашқы тәулікте – күндіз жұмыс, екінші тәулікте – түнгі жұмыс, үшінші тәулікте – демалыс. Ал жалақы 243 мың теңгеге төмендеген.

Наразылыққа шыққан қызметкерлер зейнетақы жарналарына қатысты да заңбұзушылықтар барын айтып, аудиттік тексеріс жүргізуді талап етті.

Мекеме директоры бұл қызметке жақында ғана тағайындалғанын айтып, мұндай шешімді еңбек инспекторының ескертулеріне байланысты қабылдағанын түсіндірді. Директор зейнетақы жарналарының дұрыс аударылмауы мен қызметкерлер табысының азаюы туралы білмейтін болып шықты. Ол есепшілердің мәселесін мұқият тексеруге уәде берді.