Компания жол апаттарының негізгі себебі – жүргізушілердің жылдамдықты арттыруы мен ережені сақтамауы екенін атап өтті.
«Жылдамдықты асырып, ережені сақтамаған»: Қазақстанда екі жол апатынан 15 адам қаза тапты
876
оқылды

Кеше ғана түнде елімізде екі бірдей қайғылы жол апаты болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

13 қыркүйек күні түнгі  сағат 23:30 шамасында Қарағанды облысында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолында Ford Mondeo жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, Changan көлігімен соқтығысты. Салдарынан 5 адам көз жұмды.

14 қыркүйек түнгі  сағат 01:39-да Жетісу облысында «Алматы-Өскемен» тасжолында Nissan Cefiro көлігі Lada ВАЗ бен Chevrolet Cobalt автокөліктерімен соқтығысты. Жол апатынан Nissan жүргізушісі, Lada-ның бір жолаушысы және Chevrolet-тің ішінде болған 8 адамның барлығы (оның ішінде бір бала) қаза тапты. Жалпы, 15 адам мерт болды.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жол жабындары қалыпты жағдайда болған. Компания жол апаттарының негізгі себебі – жүргізушілердің жылдамдықты арттыруы мен ережені сақтамауы екенін атап өтті.