Прокуратура ресми мәлімет таратты.
Павлодар облысында прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені хабарланды
istockphoto.com
578
оқылды

Павлодарда алаяқтық жасады деген күдікпен прокурорға қатысты тергеу шаралары жүргізілді, – деп хабарлайды Аikyn.kz 

Ведомствоның мәліметінше, Павлодар облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімі өңірлік ҰҚК департаментімен бірлесіп, Павлодар қаласы тұрғынының облыс прокуратурасының қызметкері жасаған алаяқтық фактісі бойынша арызына сәйкес жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етуге жатпайды.