Аса өзенінде жергілікті атқарушы органдар белгілеген су қорғау белдеулерінің шекараларына қарамастан пайдалы қазбалар өндірілгені анықталды.
Жамбылда су қорының 50 гектар жері мемлекет меншігіне қайтарылды
Almaty.tv
346
оқылды

Негізгі бағыты экологиялық мәдениетті және бизнестің табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру саналатын «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде прокуратура су заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Аса өзенінде жергілікті атқарушы органдар белгілеген су қорғау белдеулерінің шекараларына қарамастан пайдалы қазбалар өндірілгені анықталды. Бұл әрекеттер өзен арнасын өзгертіп қана қоймай, жақын маңдағы елді мекендерді су басу қаупін тудырды.

Прокурорлық қадағалау актілері мен енгізілген хабарламалардың негізінде жер қойнауын пайдаланушылар мемлекетке су қорының 50 гектарға жуық жерін қайтарды. Әкімдік су қорғау аймақтары мен белдеулері режимінің сақталуын бақылауды күшейту, сондай-ақ жағалауды нығайту жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдауда.

Су және экологиялық заңнаманы бұзу фактілері бойынша 11 жер қойнауын пайдаланушылары әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Осылайша прокурорлық қадағалау өрескел бұзушылықтарды жойып қана қоймай, адамдар мен аймақтың экологиясы үшін ықтимал салдардың алдын алды.

«Заң мен тәртіп» қағидаты бизнестің экологиялық жауапкершілігі мен мемлекеттің қатаң бақылауына сәйкес келуі керек.