Өңірлердің әл-ауқатын арттыру мақсатында инвестициялар тартылып, мемлекеттік бағдарламалар кезең-кезеңімен орындалуда.
Түркістан облысында ірі тоңазытқыш қоймасы салынып жатыр
Фото: gov.kz
682
оқылды

Түркістан облысының Келес ауданында  жеке инвестиция есебінен сыйымдылығы 3 400 тонналық тоңазытқыш қоймасы мен тігін цехының құрылысы басталды. Қойма 2025-2026 жылдар аралығында іске асады деп жоспарланған, – деп хабарлайды   Aikyn.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Жоба құны – 800 млн теңге.

Бүгінде елді мекендердің ішкі су құбырларын қосу жұмысы жалғасуда. Сонымен қатар  электр желілерін жаңарту және трансформатор орнату жұмысы жоспарға сәйкес орындалып жатыр. Одан бөлек, көшелерді жарықтандыру бағытында тиісті жұмыс атқарылған. Жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында бірқатар көшеге асфальт пен тас төселіп жатыр.

Жалпы, Алпамыс батыр ауылдық округі бойынша биыл 1 282 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Сондай-ақ  «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында «Ер-тайыр» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі жүзім шаруашылығын дамыту жобасын іске асырып жатыр. Қазір 5 гектар жерге жүзім көшеті отырғызылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.