Жер 20 жыл мерзімге шаруа қожалығына жалға берілген.
Құны 4,78 миллиард теңге болатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Фото: istockphoto
524
оқылды

Қарағанды облысында Нұра ауданының прокуратурасы пайдаланылмаған 2391 гектар ауыл шаруашылығының жер учаскесін анықтап, мемлекет меншігіне қайтарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аудан әкімінің өкімі мен аудандық Жер қатынастары бөлімі жасалған келісім негізінде жер 20 жыл мерзімге шаруа қожалығына жалға берілген. Алайда 2012 жылдан бері бұл жер өз мақсатына сай пайдаланылмай келген.

Прокуратура жүргізген талдау барысында пайдаланылмай жатқан жердің кадастрлық құны 4,78 млрд теңге болатыны анықталды.

– Қабылданған прокурорлық ден қою шараларының нәтижелері бойынша жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды және жосықты жер пайдаланушыларға беріледі, – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.