Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Аумағы – 350 шаршы метр: Тараздағы өндірістік цехтан өрт шықты
фото: www.istockphoto.com
159
оқылды

Тараз қаласындағы Сыпатай батыр көшесінде орналасқан бір қабатты пескоблок өндіретін цехтан өрт шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт туралы хабарлама түскен бойда оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары дереу жіберілді.

Алғашқы бөлімшелер жеткенде ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқаны анықтады. Өрт сөндірушілер жедел түрде өрт сөндіру оқпандарын беріп, жалынның таралуына жол бермеу және оны толық сөндіру жұмысын ұйымдастырды.

ТЖМ бөлімшелерінің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде өрт 350 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Өртті жою жұмыстарына 10 техника мен 36 қызметкер жұмылдырылды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.