Қарияның атында микрокредит ұйымына 500 мың теңгеге жуық берешегі болған.
«Ақшасы болмаған»: қария Шымкенттен Қарағандыға жаяу бармақ болған (видео)
Видеодан скриншот
1,034
оқылды

Әлеуметтік желіде Түркістан облысынан Қарағандыға бару үшін жаяу жолға шыққан қарияның видеосы тарады. Оның көлікке төлейтін ақшасы болмаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Видеоны Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Нұржан Махамбетов Instagram-дағы парақшасында жариялады. Ол Ордабасы ауданындағы іссапардан қайтып келе жатып жол жиегінде сөмкесін арқалап, жаяу кетіп бара жатқан қарияны байқаған.

Жүргізуші тоқтап, жөн сұрасқан. Қарт кісі Сарығаштан бері қарай 10 сағаттан астам уақыт бойы жаяу келе жатқанын айтады.

Нұржан Махамбетовтің айтуынша, қарияның атында микрокредит ұйымына 500 мың теңгеге жуық берешегі болған. Соған байланысты есепшоты бұғатталған. Ал қарияның зейнетақысын мобильді қосымша арқылы баласы алып отырған болуы мүмкін.

Осылайша, Әділет департаментінің басшысы мәселені дереу анықтап, қарияның есепшотын бұғаттан босатуға көмектесті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.