Нұрлан Еспанов Жамбыл облысына қарасты Бауыржан Момышұлы ауданымен құда болды.
«Келін енесінің топырағынан болып тұр»: Нұрлан Еспановтың ұлы үйленді
1,151
оқылды

Елімізге белгілі әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас жақында ғана сүйіктісімен ақ некесін қиған еді. Бүгін ол құда түсіп, үйленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Жамбыл облысына қарасты Бауыржан Момышұлы ауданымен құда болды. Алдымен жөн-жоралғысымен құда түсіп, сырға салынып, артынша ұзату тойға ұласқан. Өнер иесінің келінінің есімі – Айнұр. 

"Құдалық мың жылдық болсын. Бурныйдағы құдалықтан естелік болсын", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары да таңданыстарын жасырмай, екі жасқа бақыт тіледі.

"Керемет, текті жермен құда болыпсыз", "Жастар бақытты болсын", "Келін енесінің топырағынан болып тұр ғой", "Келін енесінен аумайды екен", – деп жазды.