Күдікті Шерзаттың басынан үш рет тепкенін мойындады, бірақ бұл жағдай оған пышақ тығылғаннан кейін болғанын айтады.
Күдікті Шыңғыс Белғожаев: Шерзаттың басынан үш рет тептім
видеодан скриншот жасалды
907
оқылды

16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы басталды, – дейді Aikyn.kz сайты. 

Сот отырысы кезінде тергеушілер алған жауап және оның виедосы көрсетіліп жатыр. Жәбірленуші тараптың адвокаты Ш. Белғожаевқа сұрақ қойып, берген жауабын нақтылады. "Сонда Шерзатты өмірлік маңызды органы саналатын басынан неше рет тептіңіз?" деп сұрақ қояды адвокат. Оған күдікті:

– Иә, үш рет тептім, – дейді.

Содан кейін жәбірленуші тараптың екінші адвокаты "ал сіз тепкенге дейін Шерзаттың өлгенін қайдан білдіңіз, көрдіңіз бе?", – дейді. Оған күдікті:

– Жоқ, ол кезде білген жоқпын. Одан кейін естідік қой сол жерде пышақ тығылғанын, – деп жауап берді.