Бұған дейінгі отырыста басты айыпталушылардың бірі Абзал Шынасыл бет-жүзін жариялауға келісіп, Шерзатты теуіп, Нұрқанат Ғайыпбаевты үш рет пышақтағанын мойындаған еді.
Шерзат ісі: Тоқтаубаевтардың адвокаты ауысты
видеодан скриншот жасалды
1,185
оқылды

16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы басталды, – дейді Aikyn.kz сайты. 

Бұл жолы сотталушылардың адвокаттар құрамы өзгерген. Азамат Тоқтаубаевтың жаңа қорғаушысы ретінде Алматы облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Нұрсұлтан Досжанов сотқа таныстырылды. Ал Нұрбол Тоқтаубаевтың мүддесін енді Азамат Сағымбек қорғайды.

Мемлекеттік айыптаушылар тарапынан сотталушыларға қатысты айғақтарды таныстыру жалғасып жатыр.

Айта кеткен жөн, бұған дейінгі отырыста басты айыпталушылардың бірі Абзал Шынасыл бет-жүзін жариялауға келісіп, Шерзатты теуіп, Нұрқанат Ғайыпбаевты үш рет пышақтағанын мойындаған еді. Ал тағы бір сотталушы — Дидар Қалиахмет, өз кінәсіздігін дәлелдеу үшін полиграфпен (шындық детекторымен) тексерілуді ұсынған.