Атырау облысы Доссор кентінде жаңа өрт сөндіру депосы ашылып, 15 мыңнан астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Радиусы 40 шақырымға дейінгі аумақты қамтитын нысан төтенше жағдайларға жедел әрекет ету уақытын айтарлықтай қысқартпақ.
Қазіргі заманға сай модульді ғимарат жергілікті бюджет есебінен қысқа мерзімде салынып, қажетті техника және жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда диспетчерлік, оқу сыныбы, демалыс және асхана бөлмелері қарастырылған. Кезекші бөлімшенің иелігінде үш техника бар.
Салтанатты ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов қатысты. Министр ауылдық инфрақұрылымды дамыту мен шалғай елді мекендердегі қауіпсіздікті арттыру – министрліктің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз