Қалада арнайы тексеру жүргізілді
Стамбулда жер сілкінісінен кейін мыңнан аса ғимараттың зақымданғаны анықталды
trthaber.com
2,112
оқылды

Стамбулда 6,2 балдық жер сілкінісінен кейін тексеру жүргізіліп, 15013 ғимарат қаралды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Trthaber.com мәліметінше, олардың ішінде 12398 зақымданбаған, ал 1025 аздап зақымданған деп танылды.​

Қоршаған орта, қала құрылысы және климаттың өзгеруі министрі Мурат Курумның айтуынша, арнайы мемлекеттік бағдарлама аясында 21 мың тұрғын үй қайта жаңартылып жатыр, ал 41 мың тұрғын үй мен жұмыс орнының жобалары қайта қаралып жатыр. Соңғы жер сілкінісінде зақымданған ғимараттар да осы бағдарламаға енгізілмек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз