Қонақүйден өрт шыққан.
Роза Әлқожа Қарағандыдағы қонақүйде оқыс жағдайға тап болды
Фото: instagram.com/ roza_alqozha
29,345
оқылды

Әнші тоқтаған Қарағандыдағы қонақүйден өрт шыққан, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі бірден өрт сөндіру қызметіне хабарласқанын айтады.

"Таңғы бесте Қарағандыға жетіп, ылғи түсетін қонақүйге келсек, түтіндеп жатыр екен. "Қыздар" деп айқайлап едім, қыздар дереу шықты. Содан өрт сөндірушілерді шақырып, адамдарды оятып әбігер басталып кетті. Көмекшім иіс шығып жатқан 5-бөлменің барып есігін ашып көрейін деп қояды. "Жоқ, мына иіс оңай емес, демек от кәдімгідей күш алып тұр. Сен ашсаң атылуы мүмкін" дедім. Өрт сөндірушілер де көп ұзамай жетті. Көліктерді алғызып, күзетші ұқсап алаңдап жүрміз. Дәл сол өртенген қабаттың үстінде бүгін тойы болатын екі жас бар екен. Фотосессия жасауға келген. Таңғалып оянып, тәубесін айтып жатыр. Найзағай ойнап, жаңбыр жауғанда 5-бөлмеге де әсері тиген екен. Ал мен соның жанынан бөлме алған едім. Көз алдымызда өрт те, оның иісі де күшейіп жатты", – деп жазды әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.