Футболсүйер қауым асыға күткен Чемпиондар лигасының жартылай финалы да өз мәресіне жетті.
Чемпиондар лигасы: Реал Мадрид финалға өтті
2,949
оқылды

Енді алда финал. Германиялық Бавария мен Испаниялық Реал Мадрид командасы арасында болған ойында Реал Мадрид командасы жеңіске жетіп, финалдық кезеңге жолдама алды,-деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мұның алдында мюнхеньдік Бавария өз алаңында ойнаған кезде есеп 2:2 болған. Алайда қарымта матчта есеп 2:1 болып, Реал Мадрид жеңіске жетті. Ойынның 88 минутына дейін есеп 1:0 болып, Бавария Альфонсо Дэвистің салған голын місе тұтып, қорғаныста ойнап жатқан. Кенет қақпашы Нойердің қатесінің кесірінен ойынға тыңнан қосылған Хоселу есепті 1:1-ге жеткізді. Неегізгі уақыттың бітуіне небәрі 2 минут қалғандағы жағдай бұл. Одан соң қосымша минутта мадридтік Хоселу тағы гол соғып, өз командасын финалға сүйреп шығарды. Осылайша, матч тағдыры Реал Мадридтің пайдасына шешілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан табасыз.