Мұқатаев пен Жалолов 86 келі салмақта 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өткен турнирдің финалында кездесті.
Темірлан Мұқатаев Жалоловты нокаутпен жеңіп, Азия чемпионы атанды
Фото: Бокс федерациясы
10,473
оқылды

Қазақстандық боксшы Темірлан Мұқатаев 2024 жылы Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында өзбек боксшысы Самандар Жалоловпен жұдырықтасты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мұқатаев пен Жалолов 86 келі салмақта 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өткен турнирдің финалында кездесті. Қазақстандық қарсыласын бірінші раундта бір рет, екінші раундта екі рет нокдаунға түсіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Осылайша, Темірлан Мұқатаев 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпионы атанса, Самандар Жалолов құрлық біріншілігін күміс медальмен аяқтады.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында командалық есепте бірінші орын алғанын жазған болатынбыз.