Қарағанды облысында жаңа жазғы маусымда қонақтарды күтіп алуға дайындық жүріп жатыр. Балқашта, Бертіс шығанағы ауда­нын­­да алдағы жылдары 30-ға жуық жаңа демалыс орны жұмыс іс­тей бастауы тиіс.
Жаз мезгілі – жаңа маусым
261
оқылды

Ал Қарқаралы ауданында жыл сайын 23 мыңнан ас­­там туристке қызмет көрсететін 37 үй мен демалыс аймағы жұ­мыс істейді. Өңірдің туристік әлеуетін дамыту Қарағанды об­лы­сы­­ның әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте талқыланды. 

Қарағанды облысында туризмді д­а­мыту жұмыстары арнайы бекітілген  «Туризм саласын дамытудың 2025 жыл­ға дейінгі Жол картасы» аясында жүр­гізілуде.

Туризмді дамытудың негізгі нүк­­телері – Балқаш курорт­тық аймағы мен Қарқаралы өңірі. 

– Балқаш және Қарқаралы ау­данының әкімдері «Қаз­Авто­Жолмен»  бір­лесіп жол бойында және туристік тар­тымды жерлерде жаңа сани­тар­лық-гигиеналық тораптар салу жө­нін­­дегі жұмысты жалғастыруы тиіс. Жо­лаушылар көлігі басқармасы ту­рис­тік аймақта қажет болған жағ­дай­да маршруттар санын көбейте оты­рып, көлік құралдарының үздіксіз жұ­мысын қамтамасыз етсін. Жаппай демалу орындарындағы қауіпсіздік мә­селесі маңызды болуы керек, – деп тап­сырды Қарағанды облысының  әкі­мі Ермағанбет Бөлекпаев.

Айта кету керек, Қарағанды об­лы­сында туристер үшін ең тартымды орындар Балқаш курорттық аймағы және Қарқаралы ауданының табиғи оазисі болып қала береді. Олар биыл ТОП-20 және ТОП-50 бағытқа кірді. Қонақтарға жайлы болуы үшін турис­тік инфрақұрылымды жақсарту бо­йын­ша жұмыстар жүргізілуде.

– Туризмді дамыту үшін Балқашта Жол картасы әзірленіп, бес негізгі ба­­ғыт анықталды. Оның ішінде Бер­тіс шығанағы ауданында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым­ды абаттандыру, салу жұмыстары аяқ­талды. Бірінші және екінші жо­лақ­та 28 учаске анықталды. Мамыр айы­ның ортасында біз екінші қатар­да­ғы де­ма­лыс аймақтарын салуға аук­ционды бас­таймыз, бірінші қатар­да­ғы дема­лыс орындарының егжей-тег­жейлі жос­парлау жобасы түзетуге жі­­­­беріл­ген. Осылайша, алдағы жыл­дары бізде 28 жаңа демалыс аймағы пай­да бола­ды, – деді Балқаш әкімі Са­пар Сатаев.

Ал Тораңғалық және Шұбар-түбек кен­т­­терінде су құбырын жүргізуге жо­балық-сметалық құжаттама әзір­лен­ді. бір сөзбен айтқанда, Балқаш жа­ға­лауын абаттандыру басталды.

Қарқаралы ауданында жыл сайын 23 мыңнан астам туристке қызмет көр­сететін 37 үй мен демалыс аймағы жұ­мыс істейді. Көлік инфра­құры­лы­мын жақсарту үшін Қарағанды – Қар­қаралы жолына орташа жөндеу жұ­мыстары жүргізілуде.

– Инвесторларды тарту үшін Қар­қаралы табиғи паркінің аума­ғын­да жалпы ауданы 10 гектардан асатын 20 жер учаскесі бар. Туризмнің өсу нүк­тесі ретінде Қарқаралының батыс бө­лігінде, ұлттық табиғи паркімен ше­карада «Бұғылы» рекреациялық ай­мағы анықталды. Салынып жатқан «Ту тұғыры» мемориалы мен бөгет ау­даны аймақтың жалғасы болады, – деді жиында Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының басшы­сы Ирина Любарская.

Қарқаралы курорттық аймағын та­нымал ету үшін қаланың  мерей­тойын мерекелеу аясында Mountain Bike веломарафоны, блогерлер мен БАҚ үшін ақпараттық тур, сондай-ақ «Бұ­ғылы Travel» марафоны ұйым­дас­тырылады.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ