Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған «Коммуникацияның жаңа дәуірі: бір дауыс» атты дөңгелек үстел өтті.
Коммуникация жаңа дәуірге қадам басты
1,636
оқылды

Іс-шара БҰҰ Тұрақты даму мүддесінде Ғылымның халықаралық онжылдығы аясында өткізілді. Жоғарғы оқу орны ҚР БҰҰ Ақпараттық бюросы – ҚР БҰҰ Жаһандық коммуникация департаментінің өкілдігі және Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтымен серіктестігі арқасында үлкен жиынға ұласты.

Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Словакия, Германия және Франция университеттерінің оқытушы, студенті, магистрі мен докторанты қатысты. 

Ғылыми іс-шарада БҰҰ-ның Орталық Азиядағы орнықты дамуы мүддесінде ғылымның халықаралық онжылдығы міндеттерінің маңыздылығына назар аударылды. 

 

«Біз бүгін ең өзекті тақырыптарды талқылау үшін бас қосып отырмыз.  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2024–2033 жылдарды «Тұрақты дамудың халықаралық онжылдығы (IDSSD)» деп жариялады. Әлемдегі жаңа қауіп-қатерлері мен сын-қатерлердің алдын алу үшін ақпараттық тұтастықтың болуы аса маңызды.  Бұл мәселеде заманымыздың күрделі мәселелерін шешу үшін ғылыми пәндер мен білім формалары арқылы күш біріктіру қажет. Осы орайда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті БҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасы (UNAI) Жаһандық хабы ретіндегі рөлін ерекше атап өткім келеді», – деп атап өтті БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек. 

Ғалымдар БҰҰ тұрақты даму мақсатында университеттің ғылыми зерттеулерін ілгерілетуде жаһандық коммуникациямен байланыстыру,  ғылыми модельді өзгертуге бағытталған Тұрақты даму үшін ғылыми миссиялардың жол картасын жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ, олар қазіргі кезде жаһандану үрдісінде Тұрақты даму мақсаттары фокусындағы коммуникациялар мен  қоғаммен байланыстың тиімділігі, ақпараттың қол жетімділігі мен тиімділігі мәселелерін көпшілікке ұсынды.