Ақмолалық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді құрықтады. Ол бес жылдан бері Көкшетауда тұрып келген болып шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Көкшетауда халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
595
оқылды

Күдікті адам полицияның «Шетелдік» жедел-профилактикалық шарасы кезінде анықталды. 

"Жедел тергеу тобы қазақстандық азаматтың Омбы облысы аумағында есірткі қылмысын жасағанын анықтады. Алайда ол жазадан құтылып кетіп, бес жылдан бері Көкшетау қаласында тұрып келгені белгілі болды.

Осы уақыт ішінде ол Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 228-бабы бойынша Омбы облысының ішкі істер басқармасымен халықаралық іздеуде болған. Көкшетау қалалық полиция басқармасы қызметкерлерімен барлық қажетті материалдар жинақталып, іздеуде жүрген адам туралы тиісті хабарлама жолданды", - деді Ақмола облысы полиция департаментінің өкілі. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы