Мәжілістегі АМАNAT фракциясының депутаты Жұлдыз Сүлейменова Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады.
Жұлдыз Сүлейменова: Оқушылардың бойындағы кәсіби бағдарды дамыту қажет
728
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауда: «Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет. Бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт. Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек», - деп, білім экономикасындағы жаңа міндеттерді айқындады.

«Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асыру аясында 2023-2027 жылдары барлық өңірлерде Абай атындағы гуманитарлық мектептер, О. Жәутіков атындағы IT мектептер, Қ. Сәтбаев атындағы техникалық мектептер желісін ашу жоспарлануда. Аталған желілік мектептер оқушылардың бойында лингвистикалық-гуманитарлық білімді, инженерлік-техникалық құзыреттіліктерді, STEAM оқытуды, еңбек нарығының сұраныстарына сай кәсіби бағдарды дамытуы қарастырылады.

Осыған орай, Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-Мәдени даму Комитетінің депутаттары ретінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында бастамашылықпен «желілік мектептер» ұғымы Заңға енгізілуде.

AMANAT партиясы фракциясы Абай атындағы гуманитарлық мектептер, О. Жәутіков атындағы IT мектептер, Қ. Сәтбаев атындағы техникалық мектептер желісіннің инфрақұрылымдық, білім беру мазмұны, бағдарламалар, ұстаздардың біліктілігін арттыру, академиялық еркіндік және қаржылық мәселелерін шешу мақсатында Үкімет арнайы Қаулы қабылдауы қажет, – дейді Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова.

фото:www.parlam.kz