Биыл «Болашақ» стипендиясына үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді.
«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды
1,319
оқылды

«Болашақ» бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдаудың төртінші легі 17 шілдеден 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн қабылданады.

Биыл «Болашақ» стипендиясына үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді. Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс.

Ағылшын тілінде оқуға түсушілер төмендегі нәтиже бойынша IELTS сертификатын ұсынуы керек:

- квоталық санат бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.

- өз бетінше түскендер санаты бойынша (магистратура, докторантура) 9.0-ден кемінде 6.0.

- тағылымдама санаты бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.

Жалпы алғанда, биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.