Күй шалқыған күн
Күй шалқыған күн
760
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этно ансамблі 75 шығарманы орындап, Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына енуді жоспарлап отыр. [caption id="attachment_21840" align="alignnone" width="1024"] width= фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Шара ұлттық өнерді насихаттау мақсатында және Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойы қарсаңында өтті. [caption id="attachment_21842" align="alignnone" width="1024"] width= фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] – Біз тамаша күннің куәгері болып отырмыз. Бүгін 75 күй үздіксіз орындалады. Шыны керек, дайындық небәрі 15 күнде өтті. Сол күн ішінде қыз-жігіттер күні-түні ұйықтамай, барын салып дайындалды. [caption id="attachment_21844" align="alignnone" width="1024"] width= фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Ансамбльдің құрамында 20  шақты өнерпаз бар. Олардың әрбірі бірнеше аспапты меңгерген.  width= Оның ішінде қазақтың халық аспаптары: қобыз, қылқобыз, домбыра,сырнай, мүйіз сырнай, шаңқобыз, жетіген, шертер, дауылпаз, саз сырнай, бас домбыра, сыбызғы, толқылдақ және т.б. Оларға сәттілік тілейміз, – деді   Ерлан Дәкенов. [caption id="attachment_21846" align="alignnone" width="1024"] width= фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] «Қорқыт» дәстүрлі саз тобының көркемдік жетекшісі, мәдениет қайраткері – Шолпан Қорғанбек. [caption id="attachment_21847" align="alignnone" width="1024"] width= фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Шығармашылық ұжым «Ғасырлар үні» ІІ өңіраралық фольклорлық-этнографиялық фестивалінде, «Шабыт» XX халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде, «Көне тараз күмбірі» І республикалық этно-фольклорлық ансамбльдер фестивалінде жүлделі орындарды иеленді.   width=   – Қазір күй арасында үзіліс болуына рұқсат беріп тұрмыз. Онда да бәрі бір мезетте тоқтауы керек. [caption id="attachment_21849" align="alignnone" width="1024"] width= фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Әрбір шығарма әртүрлі нота деңгейінде орындалуына байланысты әр аспапты реттеуге 45 секунд берілді.  width= Тәртіп бойынша барлық ереже сақталса, сертификат бірден беріледі, – дейді Құдайберген Қуандық Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі. [caption id="attachment_21851" align="alignnone" width="1024"] width= фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Оның мәлімдеуінше, бұл сайысты сынау үшін шетелдік әріптестерден екі  адам ұшып келген. [caption id="attachment_21852" align="alignnone" width="1024"] width= Фото: Назгүл Ержанқызы[/caption]  «Біз бұл жерде тек рекорд емес, ерекше құбылыс жасаған дүниені көрсетеміз», – дейді. [caption id="attachment_21854" align="alignnone" width="1024"] width= Фото: Назгүл Ержанқызы[/caption] Бұл кеште non-stop режимінде музыкалық шығармалардың Қазақстанда алғаш орындалуы екен.  width= Орындалған 75 күйдің ішінде Қорқыттың "Қорқыт сарыны" мен "Қоңыры", Нұрғиса Тілендиевтің "Әлқисасы", Қазанғап Тілепбергенұлының "Ақ желең" мен "Торы жорғасы", Құрманғазының "Адай" күйілері ойналды.   [caption id="attachment_21856" align="alignnone" width="1024"] width= фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Күмбірлеген күйді естігін ел арасындағы қыздар билей бастады.  [caption id="attachment_21963" align="alignnone" width="1024"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]