Нұр-Сұлтан. Қар. Полигон
Нұр-Сұлтан. Қар. Полигон
© Айтжан Мұрзанов
469
оқылды
Соңғы екі жұмада тоқтаусыз қар жауды десек те болады. Көлік түгілі, жаяу жүргіншінің де сыртқа шығуы мұң болды. «Сол күні соққан боранда, қар басып қапты кенеттен»  деп Сағи ақын жырлағандай, айнала ақтүтек бораннан жол көрінбей, адамдарды әбігерге салып қойғаны рас. [caption id="attachment_1736" align="alignnone" width="1024"] width= © Айтжан Мұрзанов[/caption]
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, кейбір тұрғындар бірігіп, ауласын өздері тазалауға шықты. Тіпті елге белгілі азаматтар  «Біз – біргеміз!» деген челленджбен сенбілікті бастап кетті. Бірақ қардың азар түрі жоқ.
  [caption id="attachment_1737" align="alignnone" width="1024"] width= © Айтжан Мұрзанов[/caption] Осыған дейін қала ішінде қарды шығару бойынша төрт полигон жұмыс істеген. Оның екеуі толған соң, тағы екеуін ашқан болатын. Осы аралықта барлығы 2 миллион 530 мың текше метр қар шығарылды. Бұл 200 мың рейсті құраған. [caption id="attachment_1738" align="alignnone" width="1024"] width= © Айтжан Мұрзанов[/caption]  «Қаланы тазарту үшін барлығы 1700 техника мен 500-ге жуық жұмысшы  жұмыс істеуде. Жұмыс үш ауысымда жүреді. Қар төрт полигонға тасымалданады. Сондай-ақ, екі еріткіш пеш қалыпты жұмыс істеуде. Жақын арада тағы біреуін іске қосу жоспарланып отыр» дейді қала әкімдігі. Расында солай ма?  Мұның  анық-қанығын білу үшін полигонға жол тарттық. [caption id="attachment_1731" align="alignnone" width="1024"] width= © Айтжан Мұрзанов[/caption]
Қаладан шыға берісте қар тасыған камаздар көзге түсе қойған жоқ.  «Аэродром 500 км» белгісінен өте бергенде ғана қарсы беттен бос камаздың өте шыққанын байқадық. Бірінің артынан бірі тізбектеліп, алып көліктер қалаға қарай бет алған. Қызық көріп, «полигонға жеткенше» деп, қалай камаз санап кеткенімізді де аңғармадық.  Алдымыздан 15 шақты көлік зырғып өтті. Біз  көздеген полигон қаладан 6 шақырым жерде екен.
[caption id="attachment_1733" align="alignnone" width="1024"] width= © Айтжан Мұрзанов[/caption] Кіре берісті бір адам қолды сермеп, жүру-жүрмеу керегін көрсетіп тұр. Көліктің бір-біріне тіреліп қалмауын реттеп тұр.  «3 шақырым жерге созылған жол. Бір-біріне бөгет жасамас үшін осылай  реттеп отырамыз.  Кейбірі көліктерін жолға қойса, жұмыс тоқтап қалады» деген азамат жол ашылысымен келесі көліктерді жібере бастады. [caption id="attachment_1734" align="alignnone" width="1024"] width= © Айтжан Мұрзанов[/caption] – Қаланың ішін тазалап үлгермей жатыр. Жұмыс таңғы алтыдан басталады. Белгілеушіні есептемегенде, мына жерде екеуміз ғана.  Ол жолдың орта жағында жұмысты реттеп тұр,  – дейді Әсет Нұрбекұлы. [caption id="attachment_1735" align="alignnone" width="1024"] width= © Айтжан Мұрзанов[/caption] Оның айтуынша, қала бойынша төрт полигонның әрқайсысы әр ауданға арналған екен. Біз барған полигон – Есіл ауданына тиесілі. Тау-тау болып үйіліп жатқан қардың арасынан әзер өткендей болдық. Қар тиелген камаздардың арасында жеңіл көлік біздікі ғана. Жол ортада тоқтап қалуға болмайды. Олай болса, арттағы камаздар да тоқтайтыны белгілі. Қарсы бетте қар төгіп жатқан көліктердің тізбегі ұзын. [caption id="attachment_1739" align="alignnone" width="1024"] width= © Айтжан Мұрзанов[/caption] Айқыш-ұйқыш жолдың орта тұсына жеткенімізде, шеткері тұрған бір көлікті байқадық. Ішінде ер адам бірдеңені түртіп алып отыр. Әлгі ер адамға келіп, жүргізушілер бір жапырақ қағазын ұсынады. Ол өзіне бірдеңені тұртіп алып, оған қол қойып жіберіп жатыр. Сөйтсек, бағанағы айтқан белгілеуші осы кісі екен.    width= – Біз тәулік бойы жұмыс істейміз.  Түске дейін 130 рейс қар кірді. 70-тен астам камаз жұмыс істеп жатыр. Бұл – таза қар. Ертең еріп, өзенге түседі. Еш жерді су алмайды. Қосшы су астында қалуы мүмкін емес, –  дейді белгілеуші.   Белгілеушінің айтуынша, қаладан таситын қар әлі көп. Әр күннің есебін әкімдікке тапсырып отырады екен. Тынымсыз еңбек, жыбырлаған көлік. Әр камаз қарын төгіп, белгілеп қойып, қайта кетіп жатыр. Бір жүргізушіні әзер тоқтатып, бірауыз тілдесіп қалдық.  width=  –Жұмыс таңғы 6-дан басталады. Боран басталғаннан бері жүрміз.  Он екі күндей болып қалды-ау. Уақыттың жоқтығы соншалық, тамақты «на ходу» жейміз, –  деген жүргізуші екі ауысымда істеп жатқанын айтты. «Түнде де істейміз. Егер шаршасам, бір ауысымда дем алуға болады» деген ол қазір төртінші рейсін әкелген екен. Сауран көшесін тазалап жатқанға ұқсайды. [caption id="attachment_1742" align="alignnone" width="1024"] width= © Айтжан Мұрзанов[/caption] Бригада-бригада болып қар тасып жатқан жүргізушілердің төлемақысы да әртүрлі. Әр жүргізушінің  істеген  жұмыс сағатына қарай ақы төленеді. [caption id="attachment_1743" align="alignnone" width="1024"] width= © Айтжан Мұрзанов[/caption] Биылғы қар бұрынғыдан өзгерек. Кей деректер мұншалықты қардың көп болуы бұрын-соңды кездескен емес дейді. Ал кей деректер мұндай қар өткен ғасырда, яғни 1964 жылы жауғанын айтады. [caption id="attachment_1744" align="alignnone" width="1024"] width= © Айтжан Мұрзанов[/caption] Сол жылы да қыс ерекше қатты болып, қардың қалыңдығы 51 см жеткен екен. Десе де, аппақ қардың жауғаны біреуге – қуаныш, біреуге – мұң. Ақтүтек боранда аппақ қарда омбылап, үйіне жете алмай қалғандар да бар. [caption id="attachment_1745" align="alignnone" width="1024"] width= © Айтжан Мұрзанов[/caption] «Қар жауды деп қуанба, аязы бар артында» деген осы шығар. Бақытжан Алдиярша айтқанда: [caption id="attachment_1746" align="alignnone" width="762"] width= © Айтжан Мұрзанов[/caption] – Шілде – қаңтар, о, неге, қаңтар – қаңтар, Аязды күн аяғым тартар-тартар, Сен тұратын қалада, бәлкім, көктем, Мен тұратын қалада қар! Қар! Қар! Қар!