Данияр Уәлиев ҰБТ-дан 140 балл жинады
Данияр Уәлиев ҰБТ-дан 140 балл жинады
504
оқылды

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі, «Білім – Инновация» қоғамдық қорының қызметкері Нұрбол Төлебаев Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Сүйінші! Оқушымыз Данияр Арманұлы Уәлиев ҰБТ-дан 140 балл алды. Қор жариялаған соңғы үлгідегі MacBookPro М1 иеленген оқушы – Павлодардағы ер балаларға арналған «Білім – Инновация» лицейінің түлегі. Алтын белгіден үміткер. Жүзуден спорт шеберіне үміткер. Бірнеше мәрте Қазақстан чемпионы болған. Жалпыресейлік жарыстардың да жүлдегері. Nur Sultan Оpen халықаралық жарысының чемпионы», – деп жазды Нұрбол Төлебаев.