«Абыройлы кісі еді» – Қостанай облысында білім бөлімінің басшысы өзіне өзі қол жұмсады
«Абыройлы кісі еді» – Қостанай облысында білім бөлімінің басшысы өзіне өзі қол жұмсады
496
оқылды

Бұл мәліметті облыстық басқарма өкілдері растады, – деп хабарлайды AstanaTV. Өңірлік БАҚ басқарма басшысының суицид жасауына оған қатысты қозғалған қылмыстық іс себеп болуы мүмкін деп жазып жатыр.

Бірақ Білім басқармасы таратқан түсініктемеде Қалыбек Байжанұлына қатысты соталды тергеу жөнінде ресми ақпарат жоқ екені айтылған. Қызылорда өңірінің тумасы әуелі Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Ал 3 жыл бұрын  бөлім басшысы қызметіне тағайындалған.

Қостанай облысы Білім басқармасының өкілі: «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің басшысы Қалыбек Байжанұлы Жүгінісов өз-өзіне қол жұмсағаны туралы жарияланған ақпаратты растаймыз. Оқиғаның мән-жайы Білім басқармасына белгісіз. Құқық қорғау органдарынан Қалыбек Байжанұлына қатысты сыбайлас жемқорлық күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу туралы Білім басқармасына ресми ақпарат түскен жоқ. Қалыбек Байжанұлы әріптестері арасында абыройлы кісі болатын. Қызметтік міндеттерге жауапкершілікпен қарайтын өз ісінің маманы болған», – деді.