Қазақстанда 63 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Қазақстанда 63 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
470
оқылды

Мамандардың айтуынша, жатақханаға мұқтаж студенттердің саны одан сайын ұлғая түспек, – деп жазады 24.kz.

Мәселені шешу үшін Білім және ғылым министрлігі арнайы жобаны қолға алды. Мемлекет пен жекеменшік әріптестіктің негізінде инвесторлар тартпақ. Ол үшін құрылыс кезінде бір студентке шақталған мемлекеттік тапсырыстың жылдық құны 122 айлық есептік көрсеткішке тең болады. Ал дайын ғимаратты жөндеп, жатақханаға айналдырар болса, 47 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді. Жалпы бұл мақсатқа қазынадан 152 млрд. теңге қаралған. Бүгінде жатақхана салу мен жөндеу жүргізуге 79 келісімшарт жасалды. Нәтижесінде, студенттер тағы 29 350 орынмен қамтылмақ.