«AMANAT» партиясының ауылдық жерлердегі ха­лық­тың табысын арттыруға ба­ғытталған «Ауыл аманаты» жобасы аясында сыр өңіріне биыл 3 млрд теңге қаражат бөлінген болатын. Бағдар­ламада негізгі 5 бағыт бо­йынша 600 жобаға қолдау көрсету қарастырылған.
«Ауыл аманаты»: 342 жоба қолдау тапты
591
оқылды

Жобаны сапалы іске асыру мақсатында негізгі басымдық өндірістік жобаларға берілуде. Бұл ретте, жеке қосалқы шаруа­шы­лықтардың жұмысын, атап айтқанда шағын цехтар, жылы­жай өндірісі, омарта, балық және құс шаруашылығын дамытуға бағытталуда. Осының нәтижесін­де, 636 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Қазір жоба бойынша қаржыландыру бағыттары анық­талып, барлық ауылдық елді ме­кендерде халыққа түсіндірме жұ­мыстары жүргізілуде. Бұл бағ­дарлама өңдеу, егін коорпе­ра­тив­терін жабдықтау, мал шаруа­шылығы және басқа да бағыттағы бизнес жобаларға арналған. Бү­гінде 2,5 млрд теңгелік 342 жо­ба­ның құжаттарын несие ко­митеті мақұлдады. Ал 142 жоба бойынша қарастырылған несие 18 коор­ператив пен 124 жеке кә­сіпкерге берілді. Осының нәти­же­сінде 288 жұмыс орны ашыл­мақ.

Жоба аясында алғашқы­лар­дың бірі болып несие алып, кә­сібін бастап кеткендер де бар. Солардың бірі – Сырдария ау­да­ны, Бесарық ауданындағы «Сыр құсы» шаруа қожалығы. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 27,6 млн теңге жеңілдетілген несие ал­ған жергілікті кәсіпкер құс өсіру ісін қолға алған. Қазір Жам­был облысынан 3 000 балапан әкеліп, екі шағын цехта өсіріп отыр. Негізгі мақсаты – Сыр халқын тауық етімен қамтамасыз ету. «Сыр құсы» өкілдерінің айтуынша, шөжелер ет бағытына арналған. Қысқа мерзімде 1,5-2 келі ет береді, яғни 30-55 күн жақсылап бағып, союға болады екен.

Нұрлан ҚОСАЙ