Әлеуметтік желіде жазба жариялады.
«Балам, мен саған сенемін...»: Тоқтар Серіков ұлына тілегін жеткізді
Коллаж: Aikyn.kz
2,489
оқылды

Әнші Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның тұңғышы мектеп бітірді, - деп жазды Aikyn.kz. 

Тоқтар Серіков әлеуметтік желідегі парақшасында ұлына деген тілегін жткізіп, ұстаздарына алғыс айтты.

«Ал құлыным құтты болсын. Сенің кеше ғана мектеп табалдырығын аттап, оқушы атанғаныңды көріп, кеудемді мақтыш кернеген сәт есімде. Шүкір Аллаға, бүгін мектеп босағасынан жігіт болып жаңа өмірге қадам басқалы жатырсың. Бұл білім ордасын яғни мектебіңді есейдім екен деп, есіңнен шығарма балам. Дәл осындай мектепке менде қарызбын. Босағасын аттаған бар адамзат қарыз балам. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шықтың балам. Біріші Аллаға, екінші оқытқан барша ұстаздарыңа ризамын және алғыс айтамын. Балам, алдымен аман бол содан соң адам бол. Білімді болсаң, биіктер өзі шақырады. Мен саған сенемін, құлыным. Ата-анамды риза етемін деме, елімді риза етемін де, ішінде біз бармыз балам. Әрі қарайда жоғарғы оқуыңды жақсы оқитыныңа бек сенімдімін, Бек-Олжас», - деп жазды әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Токтар Сериков (@toktar.serikov)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.