Жаңалықтар таспасы. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Қазақстанның соңғы жаңалықтары. Бүгінгі жаңалықтар.
Жолаушылар қонақүйге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілді.
Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі
Ол C-1 санатындағы 1 000 метрге жарыста мәре сызығын бірінші болып кесті.
Ұсталғандар Шымкент қаласының және Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты.
Бұған дейін финалда грузиялық боксшымен қолғап түйістірген Санжар Тәшкенбай ел қоржынына алғашқы "алтынды" салған еді.
Санжар Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды
Бүгін айдынды Арал өңірінде аудан әкімдігінің жүлдесі үшін облыстық ат бәйгесі өтті. Аламан Жеңістің 78 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Қызылордалық полицейлер ізін суытпай бұзақылық жасаған күдіктілерді құрықтады.
Бүгін Алматыда «Жастар рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «AMANAT CUP» XXI Республикалық пікірсайыс турнирі басталды.
Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде оқырманға берген жауабында марқұм күйеуінің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділовамен ажырасып кетуінің себебін айтты. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
“AMANAT” партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен Әлихан Мақсұт атындағы RoboZerde – 2023 робототехника фестивалінің ашылу салтанатына қатысты.
Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) және оның қарсыласы Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО) WBO-дан белбеуді қорғау үшін жекпе-жек алдында салмақтарын өлшеді.
2024 жылдың ақпан айынан бастап 18-ге толмаған балаларға Ұлттық қордан ақшасы түсе бастайды. Тек жалғыз шарты – міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиіс.
Оралда полицейлер көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған 15 жастағы қызды құтқарып қалды. 102 арнасына кәмелетке толмаған жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы өтініш 12 мамыр кешке келіп түскен.
Көпшілікті өзінен 18 жас кіші сүйіктісімен таныстырған Шахизада жас әнші Ерболат Ержанбаевпен қазіргі арақатынасы туралы жасырмай айтты.
Жеңіс Қасымбек «Интернациональный», «Күйгенжар», «Мичурино» елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті.
Ішкі істер министрлігі «Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын» ашық талқылауға шығарды. «Ашық» НҚА порталында жарияланған тұжырымдама бірнеше маңызды бағытты қамтыған. 4 жылдық жоспар тұр...
Қарағандылық азамат өзінің заңды некедегі әйелін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бұл туралы жақынынан қорлық көрген 36 жастағы Надежданың өзі мәлімдеді. Талай рет жыныстық құлдықтан қашқан әйел күйеуінің кінәсін дәлелдей алмай сандалып жүрген көріне...
Атыраулық журналист Виктор Сутягин көлігі өртенген оқиғаның жай-жапсарын айтып берді, – деп хабарлады Tengrinews.kz.
Таяуда ғана Мәжіліс депутаты атанған Ермұрат Бапи Қазақстандағы жайсыз жаңалықты айтып, дәл осылай дабыл қақты, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 13 мамырда қолайсыз ауа райына байланысты 19 өңірде ескерту жасады.
Актерлікті қойып, менторлыққа бет бұрған Дәурен Айдарқұлов Revue news бағдарламасында актриса Салтанат Серкебаевамен болған арадағы әңгіме жайлы тарқатып айтты. Бұл туралы Сaravan.kz жазды.
Алматыда мопед мінген курьер полицейді қағып, жасырынуға тырысқан. Оқиға 12 мамыр сағат 16.00 шамасында Алматы қаласының Медеу ауданында болған.
2023 жылғы 12 мамырда Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған тергеу соты күдікті Абылай Мырзахметовке қатысты 2 айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қабылдады, – деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
Төрткүл дүние Доха қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатына көз тігіп отыр. Себебі бұл сынға 99 мемлекеттен 670-тен астам спортшы қатысуда. Байрақты бәсекеге біздің құрама да өте ұзақ және тыңғылықты дайындалған болатын. Алайда алғашқы күндерден-а...
Жақсы ауданына қарасты Қима ауылы тұрғындарының мәселесіне құлақ салар ешкім болмай тұр. Ауылдың маңын түгелдей малдың өлексесі жайлаған. Бейберекет шашылған қоқыс арасында арам өлген мал, басқа да ит пен мысықтардың өлекселерін жиі кезіктіресіз.
Сыр өңірінде қызыл мия тамырын өңдейтін зауыт іске қосылды. Бұл жоба индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізілген болатын.
Биыл Қарағанды облысында 50 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ. Осынау ауқымды жоспарға қарамастан өңірдегі бірқатар іргелі мекемеде жұмыс күші жетіспейді.
Бас қаладағы басты мәселе де кезең-кезеңімен шешімін тауып, құрылысы ұзаққа созылған үйлердің қатары жыл санап азайып келеді. Мәселен, соңғы екі айдың ішінде 6 тұрғын үй қолданысқа беріліпті.
Жаз болса Қызылорда халқы кәріз суының күлімсі иісінен тұншығады. Тіпті, тұрғылықты халық сасық иіс түрлі кеселге душар еткенін айтып, дабыл қағып отыр.
Ұлттың ұлт болып ұйысуының алтын арқауы, қызыл өзегі – ұлттық мінез. Төл тарихпен үндесіп, салт-санамен, мәдени құндылықтармен мығым байланып жатқан осы мінезді тәрбиелеудің ұстанымы қандай, халықтық болмысымызға тән мінез-құлықтың сипаты не деген мәселел...
Ыстанбұл қаласында авиация, ғарыш және технология салалары бойынша ең ауқымды шара Teknofest фестивалі өтті. Алғашқы күннің өзінде Түркияның әскери өнеркәсіп саласындағы соңғы жетістіктерін паш ететін бұл көрмені 1 миллионға жуық адам тамашалаған. Осымен...
Жаһанда ашық аспанасты мұражайлар баршылық. Әлемдік туризм индустриясы да мұны сәтімен пайдаланады. Елімізде де ашық аспан астындағы музей-қорықтары бар. Солардың қатарын Қарағанды облысындағы Талды музей-қорығы толықтырып отыр.
Менде есім-сойы кеңінен мәшһүр меценат-дәрігер Ғани Смаханұлы туралы соңғы екі-үш жылда бірқатар танымды мағлұматтар жинақталып қалды. Газет-журнал беттеріне үңілсек, бұл азамат жайлы жазушы, ғалымдардың таңданыспен пікір білдіргенін жиі байқ...
Адам құнының бір парасы – намыс. Жеке бастың намысы бар да, одан құралатын ұлттық намыс бар. Қазақ халқы қандай да бір ұлт болып ұйысуға келгенде «Намысың келе ме, келмей ме?» деп әлеуметтің бетін әділдік жаққа бұратын, қайрақтай қайрайтын қанатты сөздің...
Медицина саласындағы терминологияның ауқымы кең. Дереккөздерге жүгінсек, онда 200-500 мыңға дейін термин бар. Бұл басқа ғылым салаларымен салыстырғанда өте көп. Оның ішінде медицинаның 200-ден астам саласы болса, олардың өзінің жеке терминдері бар. Соңғы...
Жаз мезгілінде балаларда бос уақыт көп. Сондықтан асыр салып, аулаға сыймайтын ойын балалары суға шомылуға әуес. Әсіресе, жазғы демалыс уақытында олардың белсенділігі артады. Қызық қуған балалардың көпшілігі қауіптің қайдан келерін естен шығаратыны да...
«Костюм – актердің екінші келбеті, оны одан бөліп қарау мүмкін емес. Әрбір актер өзінің шынайылығымен сахналық келбетті жандандырады» деген екен белгілі режиссер, актер Александр Таиров. Бірақ сол сахналық келбетті жасайтын көркемдік жетекші болса, ойдағы...
Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық бес боксшы сынға түседі. Олардың алғашқылары сәтті өнер көрсетіп, финалға жолдама алды.
Бүгінде әлемдегі 8 млрд адамның 4,9 миллиарды, яғни 61 пайызы әлеуметтік желіні қолданатынын білесіз бе? Желілердің ішіндегі ең танымалы Facebook болып тұр, оның қолданушыларының саны – 2,95 млрд адам. Одан кейінгі орындарда – Youtube пен Whatsapp, б...
Қасиетті Әулиеата өлкесі – аңыз-әпсаналарға бай мекен. Әсіресе, Қарахан дәуірінен тамыр тартатын тарихи деректер мен аңыздар аз емес. Соның бірі – Қарахан мен Айша бибінің шексіз махаббаты болса керек.
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада француз фотографы Жан-Марк Годестің «Жанды кітаптар» атты фотосуреттер көрмесі өтіп жатыр.
Коррупциямен күрес нағыз ғажайып жасап, елді игілікке кенелте алады. Былтырғы қанды қаңтар оқиғаларынан кейін еліміздегі ең көп жемқорлық жайлаған саланың бірі саналатын кеденде коррупция көріністерімен шынайы күрес басталған болатын.
Газет ақтарып оқып отырмын. Ұзақ жыл қазақ баспасөзінде қызмет еткен азаматтың мамандық дерті. Міне, AIQYN газеті. «Сұлтанмахмұттың алғашқы биографы» (№44, 20 сәуір 2023 ж.) аталатын мақалаға көзім түседі. Мақала авторы Мөлдір Төлепбай. Ұлттық академиялы...
Кейінгі жылдары еліміз индустрияландыруға көңіл бөлуді қойып кеткендей көрінеді. Бұрынғыдай үлкен сән-салтанатпен «Индустрияландыру күні» мен телекөпірлер өткізілмейді, Мемлекет басшысының өзі бейнеконференция байланысы арқылы жаңа тұрпатты жобалар м...
Астанада Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Астанада «Машина жасау – жаңа технологиялар мен инновацияларды дамытудың драйвері» тақырыбында Қазақстан машина жасаушыларының XI форумы өтті. Өңдеу өнеркәсібін дамыту стратегиясын қалыптастыруда бұл форум айрықша маңызға ие екенін атап өткен жөн.
Қызылорда облысындағы Ақсуат ауылдық округі табиғи газға қосылды. Ел игілігіне бағытталған шараға аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.
Елордада Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен шағын бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Кезекті рет өтіп отырған жәрмеңке жұмыссыз тұрғындарға, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробац...
Солтүстік Қазақстан облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша оқыту басталды. Жыл соңына дейін ауылдардың 10 мыңға жуық тұрғыны өз қаржысын сауатты басқаруды үйренеді.