Жылда өтетін табиғат көріністерінің байқауының бір топ жеңімпаздары анықталды. Олардың арасында таңғаларлық суреттер де бар. Төмендегі топтамада үздік деген суреттер ұсынылған.
Жануарлар әлемінің ғажайыпқа толы суреттері
«Анамның айтқан тәтті жаңғағы осы ма екен?!». The Nature Photography Contest 2023 байқауының жүлдегері. Авторы: Robert Bogacz
4,869
оқылды

Жаңа суреттер байқауы 2023 жылдың қорытындысын шығарып, үздіктерді анықтады. Жануарлар әлемін шынайы табиғи ортада көрсеткен фотосуреттерді Aikyn.kz  байқауды ұйымдастырған thenaturephotocontest.com сайтынан алып жариялады.

«Өзіңе қарап ал, жігітім!». The Nature Photography Contest 2023 байқауының жүлдегері. Авторы: Ashane Marasinhe

Табиғат көріністерінің байқауын 2023 жылы Табиғат фотографтарының халықаралық командасы ұйымдастырған. Байқау мақсаты – планетамыздың сұлулығын көрсету және жойылып бара жатқан фаунаны сақтауға үндеу.

Байқау 10 номинация бойынша өткізілген: жабайы табиғат, құстар және өсімдіктер әлемі, пейзаждық фотосуреттер, макрофотография мен су асты әлемі, түнгі әлем, адамның қоршаған ортаға әсері, ортақ планета идеясы және көңілді табиғат.

Байқаудың «Жыл фотосуреті» марапаты Лос-Ислотесте теңіз арыстаны бейнесі үшін Гленн Остлға берілді. Мексиканың Ла-Пас маңындағы судың астында түсірілген фотосуретте балықтардың үйірі мен камераға иығынан ұялып қарап тұрған теңіз арыстаны бар.

Басқа да жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жұмыстарын төмендегі галереядан тамашалай аласыз:

«Мына балықтарға қарауға ұялып тұрмын. Олар соншалықты көп, мен жалғызбын. Қайсысын ұстасам екен?». The Nature Photography Contest 2023 байқауының жүлдегері. Авторы: Glenn Ostle

 

«Аузымнан шыққан көпіршіктің інжудей әдемісін-ай!». The Nature Photography Contest 2023 байқауының жүлдегері. Авторы: Charlotte Piho

 

«Мені қамаған қайсысың, жақындашы!». The Nature Photography Contest 2023 байқауының жүлдегері. Авторы: Rob Green

 

«Анам айтқан тәтті жаңғақ осы ма екен?!». The Nature Photography Contest 2023 байқауының жүлдегері. Авторы: Robert Bogacz

 

«Адастың ғой, балақай тышқан!». The Nature Photography Contest 2023 байқауының жүлдегері. Авторы: Giulio Ilari

 

«Жіберіңдер, менің қытығым қатты! Теуіп жіберемін!». The Nature Photography Contest 2023 байқауының жүлдегері. Авторы: Alain Schroeder

 

«Бүгін бізде сабақ болмайды. Қашықтан оқимыз, ал интернет жоқ...». The Nature Photography Contest 2023 байқауының жүлдегері. Авторы: Panisara Sripratoom