Әрине, алма бауды күтіп ұстау оңай дүние емес. Бейнеті шаш етектен. Бұл істің жемісі қалай келерін күнге қақтала жүрген еңбеккерлер ғана білері анық.

Аталмыш шаруа қожалықтың қарамағында бүгінгі таңда 260 гектар алма бау, 15 гектар қара өрік және 2000 тонна қыс мезгілінде жеміс-жидек сақтайтын қоймасы бар. Биылғы жылы шаруа қожалыққа жемісті жыл болды. Яғни, қожалық 2200 тонна алма және 300 тонна қара өрік жинаған. Өнімділігі әр гектардан алма – 46 центнер, ал қара өрік 200 центнер болды.


