dav[/caption]
– Облыстық Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері құрамында макарон өнімдері, күріш, күнбағыс майы, қант, шай, қарақұмық, перловка, ұн, печенье, сүт, томат пастасы, рулет, қойылтылған сүт және тағы басқа өнімдер салынған 200-дей азық-түлік жиынтығын жинады. Азық-түліктер Өскемен қаласы әкімдігі, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, орталық мешіт, "Халифа Алтай" мешіті және басқа да ұйымдар ұсынған тізім бойынша облыс орталығының мүқтаж тұрғындарына жеткізілді, – деді облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек.
Сонымен қатар, облыстық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері дүкендердің, бутиктердің, ательенің, кафелердің, тұрғын үйлердің есіктеріне санитарлық ережелерді сақтауға шақыратын 100-ден астам жадынама ілді.
Акцияны қала тұрғындарына белгілі Валерий Қасымбаев, Бауыржан Қамзинов, Сырым Әділов сияқты кәсіпкерлер мен композитор Бағдат Есдәулетова қолдады.
– Мен «Жақсылық жаса» акциясын қолдаймын және біздің кәсіпорында барлық санитарлық-дезинфекциялық шаралар сақталатынын атап өткім келеді. Біз жеке қорғану құралдарын пайдаланамыз, әлеуметтік қашықтықты сақтаймыз. Менің ойымша, бұл күрделі кезеңді еңсеру үшін біздің өмірімізде жаңа тәртіп ережелерін үйрену қажет: бұл қоғамдық орындарда маскаларды кию, қолды жиі жуу, қашықтықты сақтау, – деген ойын айтты "Өскемен-Сүт" сауда үйінің директоры Сырым Әділов.
Бұл пікірді «Ремдор» ЖШС директоры Бауыржан Қамзинов та қолдайды.
– Мен Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының «Жақсылық жаршысы» акциясын толығымен қолдаймын, оның аясында бүгінде мұқтаж қазақстандықтарға – аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға көмектесу үшін азық-түлік себеттерін жинап жатырмыз. Сонымен бірге мен бизнес кәсіпорындары мен Шығыс халқын өзін-өзі қорғаудың қажетті шараларын сақтауға шақырамын. Бетперде кию керек, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек, қолды жиі жуып, антисептикпен тазалау керек. Егер біз жаңа ережелерге сай өмір сүруді үйренсек, кез-келген қиындықты жеңе аламыз, – дейді өз ойымен бөліскен Бауыржан Қамзинов.
Шығысқазақстандықтар «Жақсылық жаршысы» акциясының эстафетасын Қостанай қаласына жолдады.
Дәурен Аллабергенұлы,
Шығыс Қазақстан облысы