200 теңгенің жөні бөлек
200 теңгенің жөні бөлек
1,471
оқылды
200 теңге емес, енді 200 теңгелік монета бар. Ал 200 теңгелік банкноттар да заңды төлем құралы бола береді. Қазақстан Ұлттық Банкі 2020 жылдың 28 қаңтарын­да номиналдық құны 200 тең­гелік биколорлы моне­та­ларды айналымға шы­ғар­мақ. Монеталардың дизайны да Қазақстан Президентінің 2018 жыл­ғы 12 желтоқсандағы №804 Жарлығымен бе­кі­тіл­ген Ұлттық валюта – Қа­зақстан тең­гесі банкноттары мен моне­талары дизайны тұжы­рым­дамасына сәйкес орындалып отыр.

Монеталардың сыртқы сақинасы ней­зильберден жасалған, ішкі дискі никельді жезден дайындалыпты. Әрі ойықпен бе­дерленген. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, айналдыра эмитент елді білдіретін QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY деген жазба бей­неленген. Монетаның төменгі жағында со­ғылған жылын білдіретін «2020» деген жазу бар.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде номиналын білдіретін және номинал цифрының кескінін қай­талайтын көлденең сызықтар бедері аясын­да орындалған «200» деген жазу бар. Монетаның жоғарғы және төменгі бө­ліктерінде – тік сызықтар түрінде орын­далған ою-өрнек кескіндері бейнеленген. Монетаның төменгі бөлігінде – тарам­далған сызықтар аясында орындалған, ұлттық валютаның мәтіндік атауын біл­діретін TEŃGE деген жазу. Монетаның сол жақ бөлігінде QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI эмитент банкті білдіретін QUB аббревиатурасы бар. Монетаның оң жақ бөлігінде – Қа­зақстан теңге сарайының тауар белгісі (логотип) көрсетілген. Тағы бір ескеретін жайт, 200 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қала береді. Қағаз ақша тозғаннан кейін ғана айналымнан шығуы мүмкін.   Ж.НҰРЛАН