Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ
Бурабайда полицейлер 3 жасар баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті
170
оқылды

Оқиға 5 шілдеде Бурабай ауданында болған. Кенеттен жағдайы нашарлаған үш жасар баланы аудандық ауруханаға жедел жеткізуге Бурабай аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Мерей Асылқанов пен Бауыржан Ғалымов көмектесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Полицейлердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында бала дер кезінде қажетті медициналық көмек алды.

Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Баланың анасы Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне кәсібилігі, жеделдігі және қиын сәтте көмекке дайын болғаны үшін алғысын білдірді.